KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

Нұротандықтардың кезекті семинары

27.01.2013, 18:00 134


«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жоғарғы партия мектебінің (ЖПМ) Шығыс Қазақстан аймақтық филиалында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстық партия филиалдарының партиялық-ұйымдастырушылық, қоғамдық-саяси және басқа бөлімдерінің кеңесшілері, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған «Партияның БАҚ-пен тиімді өзара әрекеттесуі» атты тақырыпта кезекті семинар өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласы ішкі саясат бөлімі ақпарат секторының хабарламасына сілтеме жасап.

Семинарға Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің бастығы Ғалия Смаилова және өңіріміздегі БАҚ өкілдері қатысты. Семинарға қатысушыларды Астана қаласынан “Нұр Отан”ХДП хатшысы Эльдар Сыздықов пен жоғарғы мектеп директоры Бақыт Есекина онлайн жүйесі бойынша құттықтады. Бұдан әрі партияның Орталық аппарат жетекшісінің орынбасары Расул Оразғұлов “Қазақстан. 2017 жылдың мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру», ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар Комитетінің төрағасы Болат Қальянбеков «Ақпараттық Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және оны іске асыру бойынша міндеттері туралы» деген тақырыптарда өз дәрістерін оқыды.

Үш күнге созылған семинарға Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарынан 24 адам қатысып, қорытындысында тыңдаушылар электрондық тестілеу мен жобаларды қорғау түрінде аттестациялаудан өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив