KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Жаңа саяси доктрина әр азаматтың мүддесін көздейді

25.09.2013, 18:00 211


Партияның «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» саяси доктринасын талқылауға қатысқан Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Айгүл Соловьеваның айтуына қарағанда, бағдарламалық құжат партияның центристік ұстанымын анықтап қана қоймайды, сонымен қатар ол «Қазақстан-2050» Стратегиясын толыққанды жүзеге асыруға жағдай жасайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Келешекке бағытталған «Нұр Отанның» жаңа саяси доктринасы еліміздегі әділ әлеуметтік саясатты жетілдіруге соны серпін бермек. Аталмыш құжат «Қазақстан-2050» Стратегиясының саяси іргетасы іспетті, – деп атап өтті депутат.

Жарыссөзге шыққандар жаңа доктрина – еліміздегі әрбір азаматтың мүддесін көздейтін мақсат-мін-деттердің жиынтығы деген ортақ бір ұйғарымға келді.

Олардың айтқаны, Елбасы саясатын жан-жақты қолдап, ұлт тұтастығын сақтау арқылы ғана халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетті өркендетуге болады дегенге саяды.


Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив