KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Зыряндық Денис Уланов Кореяның Пхеньян қаласынан алтын алқамен оралды

23.09.2013, 18:00 160


Зырян қаласының тұрғыны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Денис Уланов Кореяның Пхеньян қаласынан алтын алқамен оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауыр атлетикадан жастар мен ересектер арасында Азия кубогын сарапқа салған жарыста жерлесіміз 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысында 337 келіні көтеріп, алтын медальға ие болды. Қазақстан ауыр атлеттері арасында 19 жастағы біздің спортшы ғана осындай нәтижеге жетті.

Азия ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарысқа Корея, Қазақстан, Қытай, Сирия, Индия, Бангладеш, Өзбекстан, Қырғызстан, Кувейт, Мьянма және Таиланд құрама командалары қатысты.

– Біздің спорт мектебінде жаттығып жүрген Денис Уланов биыл Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанған болатын. Енді міне, Солтүстік Кореяда бапкерлер мен жанкүйерлердің сенімін ақтап шықты. Біздің мақсатымыз – ұлттық құрама сапын жас та талантты спортшылармен толықтыру, халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау. Табысты өнерімен көзге түсіп жүрген Денистің жемісті де жеңісті жолдары жалғаса берсін, – дейді Өскемен қаласы бойынша олимпиада ізбасарларын даярлайтын маманданды-рылған балалар мен жасөс-пірімдер облыстық спорт мектебінің директоры Владимир Тен.

Денисті Иван Строкатов пен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Девяткин баулып, жарыстарға даярлауда.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив