KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейде Қазақстан футболының 100 жылдық тойы басталды

20.09.2013, 18:00 282


Кеше қазақ футболының қара шаңырағы саналатын Семейде «Спартактар» сап түзеген күн болды. Атап айтқанда, Мәскеудің «Спартагы» мен Семейдің «Спартагы» және Өскеменнің «Востогы» жолдастық кездесулер өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

40 жылдан соң алғаш рет толық жөндеуден өткен Семейдегі «Спартак» стадионына еліміздің түкпір-түкпірінен футбол жанкүйерлері жиналып, ерке Ертістің жағасында көптен күткен ел футболының 100 жылдық мерейтойы аясындағы алғашқы ойындарды тамашалап үлгерді.

Жанкүйерлер арасында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та болды. Мәскеудің «Спартагы» әлі де өзінің күш-қуаты қайтпағанын дәлелдеп, Өскеменнің «Востогын» 3:0, Семейдің «Спартагын» 1:0 есебімен ұтты.

Думан Анаш

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив