KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Шығыстың екі командасы көш басында

21.06.2012, 18:00 98


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында Өскеменнің «Востогы» мен Семейдің «Спартагы» ойын кестесінде әзірге көш бастаушылар қатарында келеді, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Біздің облыстың екі командасы да соңғы үш ойында жеңіске жетті. «Спартак» алдымен Шымкенттің «Қыран» командасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түссе, содан кейін Қаратаудың «Лашынын» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ал «Восток» өз алаңында «Лашынды» 2:0 есебімен ұтып, одан соң «Қыранды» 1:0 есебімен сүріндірді.

10-маусымдағы тоғызыншы турда «Восток» «Қызылжарды» 1:0, «Спартак» «Бәйтеректі» 2:0 есебімен ұтып, ойын кестесіндегі жағдайларын жақсарта түсті.

Бұл командалар қазіргі кезде тоғыз кездесу өткізіп, екеуі де алты рет жеңіске жетті. «Восток» екі ойында тең түсіп, біреуінде ұтылып қалды. Ал «Спартак» бір ойынды тең аяқтап, екі кездесуде қарсыласына есе жіберіп алды. «Восток» ойын кестесінде 20 ұпаймен бірінші, «Спартак» 19 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Ал үшінші орындағы «Астана-1964» командасының 18 ұпайы бар.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив