KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
450.79 482.21 5.05

Футбол мерекесіне әлем жұлдыздары Семейге келеді

18.09.2013, 18:00 112


Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойында Семей қаласының әкімдігінде футболдың әлем жұлдыздарымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Осы айтулы мереке қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында 1000-нан астам спорттық іс-шаралар өткізіліп, 106 футбол алаңы пайдалануға берілді. Өскемен қаласында «Восток» стадионының алаңы қайта жаңартылып жатыр, ал Семей қаласындағы «Спартак» стадионының күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Футболдың мерейтойына Тбилисидің «Динамо», Мәскеудің «Спартак», жапондардың «Нагасаки», бишкектік «Алға», алматылық «Қайрат» сияқты ардагер командалар мен өскемендік «Восток» және Семейдің «Спартак»
командаларының мүшелері шақырылды.

Мерекелік салтанатта Қазақстан Республикасының басшылары, әлемдік футбол жұлдыздары, дипломатиялық миссиялырдың өкілдері мен шетелдік делегациялар, Қазақстан Футбол федерациясының басшылығы болады деп күтілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив