Алматы қаласында белсенді өмір салты мен халықтың демалысына, салауатты өмір салтын насихаттауға, жергілікті туризмді дәріптеуге, дәстүрлі емес спортқа, сондай-ақ, халықтың табиғатқа қатысты мәдениет деңгейін көтеруге арналған алғашқы қазақстандық телеарнаның тұсауы кесілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Қазақстан баспасөз клубының ақпаратына сілтеме жасап.
«Тұран» телеарнасының ұжымы – БАҚ және киноиндустрияда үлкен жұмыс тәжірибесін жинақтаған жоғары білікті мамандар. Бұл телеарнаның өзі шығарған сапалы контентін (хабар таратудың 80%-ы), оның ішінде деректі және көркем фильмдерді (хабар таратудың 20%-ы) таңдап, оны жасап, дұрыс орналастыруға мүмкіндік береді. Телеарна орыс және қазақ тілдерінде қатар берілетін екі стерео дыбыс жолында HD 720р сапасындағы 16:9 өлшеміндегі кең форматта хабар таратады.
Хабар тарату кестесі бағдарламаларды жаңалап отыру қағидасына сәйкес құрылған: күн сайын кесте хронометражы 2 сағаттық жаңа топтамамен толығып отырады, ол кейін күн сайын жаңаланып отырады. Топтама өзінің көрсетілімі кезінде эфирлік кесте бойынша біркелкі жүріп отырады. Көрсетілім кезеңі - 13 күн.