KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
492.17 522.39 5

Серебрянск қаласындағы әскери бөлімге құрам жасақталуда 

11.11.2024, 19:00 86 Гульжан Мусина

Биылғы күзгі әскерге шақыру аясында Өскеменнен мерзімді қызметке 300-ге жуық сарбаз жіберу жоспарлануда,- деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Күзгі әскери шақыру – бұл Отан алдындағы борышты өтеуге шақыратын ерекше кезең. Күздің келуімен Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қызмет ету үшін жаңа командаларды қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс басталады.

- Әскерге шақырту келген соң, Отан алдындағы борышымды өтеуге бірден қамдана бастадым. Медициналық тексерістен өтіп, әскер қатарына жарамды деп танылдым. Қазір Қарулы Күштерінің қатарында болу, әскери борышты өтеу - көптеген есіктерді ашып, жаңа мүмкіндіктер береді. Жастар үшін мұндай мүмкіндіктердің беріліп жатқаны әскерге келушілердің қатарын сөзсіз арттырады. Менде тура солай қызығып келдім. Бір жылдық борышымды лайықты өтеп, артынша жоғары оқу орнына тегін білім алу мүмкіндігіне ие болғым келеді, - деді әскерге шақырылушы Мирас Қожақметов.

Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында әскерге шақыруды  ұйымдастыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізуде. Шақырту алған азаматтар медициналық тексеруден өтіп, әскери бөлімдерге жіберу үшін арнайы құрамдар жасақтауда. Әскерге шақырылушылар Төтенше жағдай қызметі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қазақстанның басқа да маңызды құрылымдары бойынша бөлінетін болады.

- Қазір бізде әскерге шақырту алғандардың жаңа тобы жинақталуда. Бұл жолғы сарбаздар Серебрянск қаласында орналасқан Өскемен гарнизонының 97638 әуе шабуылына қарсы күштер әскери бөліміне жіберіледі, - деп атап өтті Өскемен қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Мусапиров Қуаныш.

Шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Айта кету керек, әскери борышын өтеп келгендерге жоғары оқу орындарына емтихандарынсыз түсу мүмкіндігін қарастырылған.


Ақерке Рағызбаева 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу