KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность Штиль
494.95 525.49 5.05

Қаржылық мониторинг агенттігі 79 млрд теңге артық шығынды қысқартты

Фото: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

11.11.2024, 17:30 81 Төлеуғазы Жансая

Қаржылық мониторинг агенттігі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда артық шығындарды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдар және квазимемлекеттік сектор өкілдерімен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

2023 жылдың басынан бері 34 жоба бойынша бюджет шығындары 79 млрд теңгеден астам сомада қысқартылды. Мысалы, Қарағанды облысындағы "Қарағанды Су" ЖШС су тазарту құрылыстарын қайта құру жобасында құбырлардың бес түрінің құны артық көрсетілгені анықталды. Бұл жобаның сметалық құнын 23 млрд теңгеден 16,8 млрд теңгеге дейін азайтып, 6,1 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын тексеру кезінде интерактивті сенсорлық панельдердің бағасын негізсіз арттыру әрекеті анықталды. "ҚазҚСҒЗИ" АҚ-мен бірлескен жұмыстар нәтижесінде панельдердің бағасы нарықтық деңгейге дейін төмендеп, 14 млрд теңге үнемделді.

Агенттік қылмыстық істерге жеткізбей, ерте кезеңде қаржылық тәртіпті нығайту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау арқылы мемлекет пен адал бизнестің мүдделерін қорғауды көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу