KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

«Скифтердің алтын мұрасы» атты көрме Назарбаев Орталығында ашылды

19.09.2013, 18:00 157


Назарбаев Орталығында «Скифтердің алтын мұрасы» атты көрме ашылды. Көрмеден Шығыс Қазақстандағы Шіліктіден, Берел қорғандарынан табылған раритеттер де өзінің лайықты орнын алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Назарбаев орталығының баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

«Скифтердің алтын мұрасы» атты көрме Назарбаев Орталығында ашылдыКөрменің ең басты әрі құнды жәдігері - «Алтын адам». 1969-70 жылдары Алматы маңындағы Есік қорғанынан археолог-ғалым Кемал Ақышевтың басқаруындағы экспедиция жұмысының нәтижесінде табылған «Алтын адам» скиф-сақ дәуіріне тән «аң стиліндегі» технологиясы жоғары бұйымдарды жасаудың жарқын үлгісі саналады. Бүгінде - тәуелсіз Қазақстанның басты символдарының біріне айналды.

«Скифтердің алтын мұрасы» атты көрме Назарбаев Орталығында ашылдыАлтын және бағалы металдар Мемлекеттік музейі «Алтын адамның» киім элементтерінің көшірмесін ұсынды. Жауынгердің киімінде жануарлардың нақышымен: жолбарыс, бұлан, қар барысы, жылқы, арқар, бүркіттердің үлгісімен бейнеленген төрт мыңнан астам алтын қаптама мен пластиналар бар. Металл өңдеудің түрлі әдістерін қолдану, яғни құйма, соғу, қалыптау, шекіме, түртпе, сіркелеу, бедерлеу және оймалау әдістері байырғы скифтердің зергерлік өнері биік деңгейде болғанын танытады. Сақ жауынгерінің алтын әшекейлері б.з.д. V-ІV ғасырларға жатады.

1993 жылы Новосибирск археологтары Пазырық қорғандарынан әйел мен еркектің мумияларын тапты. Жәдігерлер алтайлық аң стилінде дайындалған. Сол құнды жәдігерлер «Скифтердің алтын мұрасы» залына қойылды.

Сондай-ақ, келушілер Солтүстік Үстірттегі (Хорезм- Еділ) Қызыл – Уық ғибадатханасынан және Берел қорымынан табылған б.з.д. V-III ғасырларға жататын сақ кезеңінде темірден соғылған бірегей артефактілерді көре алады.
Көрме ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен Назарбаев Орталығы, Алтын және бағалы металдар Мемлекеттік музейінің ұйымдастыруымен өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив