KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
443.35 475.54 4.82

Заманауи гастроном «Fresh Market» Өскеменде іске қосылады

16.09.2013, 18:00 121


28-қыркүйекте «Азық-түлік өнімінің қауіпсіздігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен Өскемен қаласында «Fresh Market» атты фермерлік гастроном ашылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл барлық стандарттық талапқа сәйкес еуропалық үлгідегі заманауи азық-түлік сауда орталығы болып табылады.

Жаңа орталық өзге сауда орталықтарынан автокөлік қоюдағы ыңғайлылығымен, сауда жасауға арналған жерінің түбегейлі ойластырылып жоспарланғандығымен, онда сатылатын тауарлар қолайлы температуралы режимде сақталуымен, мемлекеттік ветеринарлық зертханасының, сонымен қатар, тоңазытқыш және мұздатқыш камераларымен жабдықталған қоймасының болуымен ерекшеленеді.

Бұған қоса, сауда орталығында кәсіби күзет, бейнебақылау бар, тұтынушыларға тегін арба мен себет беру қызметі көрсетіледі, сөйтіп, барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

Орталықтың ішінде ет, сүт, балық, жеміс-жидек, көкөніс өнімдері, дәмді тағамдар және кондитер өнімдерін сатуға арналған сауда орындары болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив