Тағы бір өңірде төтенше жағдай жариялана ма?
шартты сурет: depositphotos.com
Қазақстанда су тасқынының салдарын жою мақсатында Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Ашық НҚА порталында жарияланған қала әкімі шешімінің жобасын жария талқылау бүгін 18.30-ға дейін жалғасады.
«Ұлытау облысы Жезқазған қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Ербол Ғалымжанұлы Құсайынов тағайындалсын», – делінген шешім жобасында.
Еске салайық, Қазақстанның 10 өңіріндегі түрлі елді мекендерде бұған дейін төтенше жағдай жарияланған болатын.