KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 2 м/с, СБ
467.29 501.03 5.35

Отбасы күні қарсаңында куәліктер тапсырды

6.09.2013, 18:00 243


Отбасы күні мерекесі қарсаңында Курчатов қалалық әділет басқармасының өкілдері жергілікті аурухананың перзентхана бөлімінде салтанатты жағдайда туу туралы куәліктер табыс етті , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Еліміздің Неке және отбасы туралы кодексіне сәйкес аталған басқарма мамандарымен жаңа туылған сәбилердің ата-аналарына тиісті құжаттар берілді. Қос қуаныш қатар келген осындай бақытты отбасылардың бірі – Мәденбектер әулеті. Бұл әулеттің нәрестесі Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында дүниеге келген.

Кішкентайлы болған ерлі-зайыптылардың қолына баланың өмірдегі ең алғашқы құжатын тапсырған басқарма қызметкерлері, сонымен қатар, естелік сыйлықтар тарту етуді де ұмытпады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив