KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Жастарға арналған патриоттық фестиваль

5.09.2013, 18:00 147


Семейдегі арбат көшесінде Семей қаласы ішкі саясат бөлімі және Жастар орталығының қолдауымен «Сана» ШҚО Жастар қоғамдық бірлестігі «Қазақстан – алға ұмтылған ел» атты жастар фестиваль–конкурсын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жастарға арналған патриоттық фестивальСемей қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандарының айтуынша,іс–шараның негізгі мақсаты - Конституцияны халық арасында кеңінен насихаттау, егемендік, тәуелсіздік, отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау арқылы патриотизмді қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау.

Жастарға арналған патриоттық фестивальПатриоттық фестиваль барысында жиналған қауым «Бодиарт», «Ақ тілектер қабырғасы», «Домбыра party», «Бауырсақ battle», «Караоке БУМ» сайыстарына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Отбасы күніне байланысты саябақта қыдырып жүрген жастар өз тілектерін жазып «Тілектер шарларын» барлығы бір уақытта ұшырды. Шара соңында ұйымдастырылған «Рок концерт» тыңдаушылардың көңілдерін серпілтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив