KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Жас отбасыларына арналған қызмет

5.09.2013, 18:00 259


8-қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күні аталып өтеді. Осыған орай 10-қыркүйекте Өскемен қаласындағы «Үлбі» орталық мәдениет үйінде Отбасы күніне арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ. Оған бақытты отбасының халықаралық институты Өскемен қалалық , ШҚ облыстық әкімдіктерінің қолдауыменмұрындық болып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мерекелік бағдарламада жас жанұяларға қызмет көрсетіледі. Жас шаңырақ иелері педиатр, лактолог, иммунолог, логопед, психолог сияқты мамандардың кеңесін ала алады. Ата-аналар балалардың жазғы және қысқы демалысымен айналысатын ұйымдармен танысады. Сонымен қатар заңгерлер жұмысқа орналасу, отбасылық бюджетті қалыптастыру мәселелеріне қатысты тегін кеңес береді.

Кештің екінші бөлімінде облыстың әртүрлі этностары өздерінің ұлттық отбасылық дәстүрлерін көрсетіп, аналық даналықтарымен бөліседі. Жиналғандарды көңіл көтеретін ойындар, ән-жырмен, би күтіп тұр.

Отбасы мерекесі сағат 17-00-де басталады, кіру тегін.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив