KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Өскеменде жастар күні мерекесі аталып өтті

7.07.2013, 18:00 191


Астананың 15 жылдық мерейтойы аясында Өскеменде жастар күні мерекесі аталып өтті. Мереке барысында астаналық Айдос Тоқтарбаевтың Гиннест рекордтар кітабына ұсынылған бағдарламасы көпшіліктің ерекше қошеметіне бөленді.

Мереке аясында жастар арасында Комсомол аралында футбол, пейнтбол секілді ойындар ұйымдастырылды.

Өскеменде жастар күні мерекесі аталып өтті
Өскеменде жастар күні мерекесі аталып өтті
Өскеменде жастар күні мерекесі аталып өтті
Өскеменде жастар күні мерекесі аталып өтті
Өскеменде жастар күні мерекесі аталып өтті

Мерекенің негізгі бөлігі Ертістің жағасында орналасқан ашық аспан астындағы амфитеатрда өтті. Мұнда еліміздің әр өңірінен келген паркуристер өз өнерлерін паш етті. Сол сияқты боди-арт (денеге сурет салғызу), фотосессия (тегін фотосуреттер беріледі), фримаркет (тегін тауар үлестіру, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Мен талантпын» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Металлургтер мәдениет сарайынан басталып амфитеатрға дейін велосипедшілер шеруі өтті. Шеруге алпыстан астам велошабандоз қатысты. Мерекелік шараның соңы бикини байқауы мен жастарға арналған би кешіне ұласты.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ерекше қызығушылығын туғызған ол – астаналық қонақ Айдос Тоқтарбаевтың Гиннест рекордтар кітабына ұсынылған бағдарламасы болды. Бүгінде Астанада тұратын, негізі Шығыстың тумасы Айдос жұрт арасындда «буынсыз адам» деген лақап атқа ие болған. Бірнеше бүктетіліп шағын шыны қорапқа сыйып кетуі, жарты метрге жуық қанжарды жұтып шалқайып тұрғаны сияқты трюктер бастан аяқ бейнекамераға түсіріліп отырды. «Жастар орталығы» директоры Данияр Тоқтарбаевтың айтуынша, енді бұл түсірілім таспаға көшіріліп Гиннест рекордтар кітабына енгізу үшін тиісті орындарға жөнелтілмек.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив