KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Шайбалы хоккейден Борис Александров атындағы ІІІ халықаралық турнир

4.09.2013, 18:00 204


Өскемен қаласындағы Спорт сарайында 1996-1997 жылдары туған жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден Борис Александров атындағы ІІІ халықаралық турнир өтті. Оның ашылу салтанатына аймақ басшысы қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл турнирде Новосибирскінің «Новосибирск ХК», Барнаулдың «Алтай», Новокузнецкінің «Металлург», Рудныйдың «Горняк», Павлодардың «Иртыш» командалары және Қазақстанның құрама командасы бақ сынасты.

Борис Александровтың алғашқы жаттықтырушысы Юрий Тархов балғын хоккейшімен бірге және кезінде Борис Александровтың командалас серіктері болған, осы турнирдің құрметті қонақтары, Қазақстан хоккейінің ардагерлері Игорь Кузнецов, Андрей Соловьев, Виктор Набоков, Алексей Межебицкий, Алексей Грищенко мұз айдынына шыққанда, көрермен қауым – мектеп оқушылары қол соғып, құрмет көрсетті.

– Адам үшін ең негізгісі – денсаулық. Сондықтан әрбір адам, әсіресе, жас-тар өзінің денсаулығын, болашағын ойласа, спортпен айналысуы керек. Өздеріңіз білесіздер, Борис Александров – біздің облыстан шыққан олимпиада чемпионы. Біздің хоккейді, Шығысты, Қазақстанды дүниежүзіне танытты. Сондықтан оны ешуақытта ұмытпауымыз керек. Осыдан екі жыл бұрын Борис Александровты еске алуға арналған халықаралық турнир өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Спортпен, соның ішінде хоккеймен неғұрлым көбірек айналыссаңыздар, Борис Александров сияқты Қазақстанға, дүниежүзіне танымал боласыздар, – деп облыс басшысы жарысқа қатысушы хоккейшілер мен жиналған қауымды турнирдің ашылуымен құттықтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив