KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
495.95 524.37 4.98

Өскемендік хоккейші Даңқ залына енді

27.05.2019, 03:33 238

 Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Олимпиада чемпионы, Өскеменнің тумасы Борис Александровты өзінің Даңқ залына енгізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Борис Александров даңқ залына енеді деген дақпырт ақпан айында шыққан еді. Жазғанбыз, естеріңізде болар. Ал салтанатты рәсім Братиславада 26 мамыр күні өтті. Марапатты хоккейшінің ұлы Виктор алған екен.

 

Өскемен қаласының тумасы Борис Александров сол жақтағы шабуылшы ретінде өнер көрсетті. Ол 1976 жылы Олимпиада чемпионы, сол жылы Канада Кубогының қатысушысы болды. КСРО-ның үш дүркін чемпионы (1975, 1977, 1978) атанды. Мәскеулік «Спартак» құрамында турнирдің күміс (1981) және қола (1980) жүлдесіне ие болды. 1994-1995 жылдары Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен.

 

Александров үлкен спорттан кеткен соң, жаттықтырушы болды. 1996 жылдан 2002 жылға дейін алты жыл бойы өскемендік «Торпедо» және Қазақстан құрамасын дайындады. Екі жыл бойы ұлттық команданы әлем чемпионатының элиталық дивизионына шығарған елеулі еңбегі ел есінде. Бористің жетекшілігімен ел құрамасы 1998 жылғы Олимпиадаға қатысып, сегізінші орынға ие болды.

 

Борис Александров 2002 жылдың шілде айында 46 жасында жол апатынан қаза тапты.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу