KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Борис Александровтың есімі IIHF-тың даңқ залына енгізіледі

7.02.2019, 10:10 224


Борис Александровтың есімі Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) даңқ залына енгізілмек. Бұл туралы федерацияның ресми сайты хабарлады. Осылайша, Борис Александров IIHF-тың даңқ залына енген алғашқы қазақстандық атанбақ.


Дерек көзі даңқты жерлесіміз туралы аз-кем ақпарат та бере кетіпті. Онда Борис Викторовичтің қазақстандық хоккейдің дамуына қосқан үлесі туралы де айтылады.


«1976 жылы Александров КСРО құрамасы сапында Олимпиада алтынын жеңіп алды. Оның спорттық мансабы жиырма жылға созылып, негізінен Мәскеу мен Өскемен қалаларында өтті. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Борис Александров еліне оралып, «Торпедо» мен ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Осы сәттен бастап қазақстандық хоккейдің өрлеу кезеңі басталды. 1996 жылы Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының С дивизионында топ жарса, келесі жылы В дивизионының мықтысы атанды. Осылайша, 1998 жылы қазақтар ең жоғарғы А дивизионына жолдама алды. Ал ең үлкен сенсацияны Б.Александров бастаған Қазақстан құрамасы Нагано Олимпиадасында жасағаны сөзсіз. Сол додада қазақстандықтар Ұлттық хоккей лигасының жұлдыздарынан құралған азулы қарсыластармен терезесі тең өнер көрсетіп, үздік сегіздіктен көріне білді. Алайда, оның өмірі ерте үзілді. 2002 жылдың шілдесінде даңқты хоккейші әрі бапкер Уфа – Челябі тасжолында орын алған жол-көлік апатында көз жұмды. Дегенмен Борис Александровтың артында қалған мол мұрасы күні бүгінге дейін Қазақстан хоккейін биіктерге жетелеуде» деп жазыпты федерация сайты.

Айта кетейік, атақты жерлесіміздің есімін IIHF даңқ залына енгізу рәсімі биылғы 26-мамырда Словакия астанасы Братислава қаласында өтпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив