KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2,1 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Ұстаздардың еңбекақысы екі есе өседі

28.08.2013, 18:00 114


Ұстаздардың еңбекақысы екі есе көтерілетін болды. Бірақ, бұл жағымды жаңалық олардың бәріне қатысты емес, тек кәсіби білікті білім қызметкерлерінің ғана жалақысы өседі. Елімізде қазір мұндай 12 мың маман бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қуанышты хабарды жеткізген Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов бұған қоса үздік педагогтар жыл сайын таңдап алынатынын да тілге тиек етті. Өйткені, ведомство алдағы жылдары ауқымды реформалар жүргізуді жоспарлап қойыпты. Нақтырақ айтсақ, таяудағы бес жылда арнайы дайындықтан елдегі ұстаздардың жартысын, яғни, 120 мыңға жуығын өткізу көзделген.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мектеп басшыларына да қатысты болмақ. Директорлар мен меңгерушілер келесі жылдан бастап біліктілікті арттыру курстарына қатыстырылады. Осылайша, мұғалімдердің ынтасын арттырып, заман талабына сай мамандарды даярлаймыз, деп отыр министрлік мамандары.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив