KZ
Өскемен
+26°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Зайсан бағытында бір күнде екі жол-көлік апаты тіркелді

28.08.2013, 18:00 198


Омбы-Майқапшағай тас жолында екі автокөлік қақтығысып қалды, жарақаттанғандар бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Зайсан қаласына бара жатқан ВАЗ-2171 көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзғандықтан Ауди-С4 шетелдік көлігіне барып соғылды.

«Бұл жол-көлік оқиғасында ВАЗ-2171 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы бастарынан жарақат алды. Ауди-С4 көлігіндегі екі адам да жарақаттанған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді», делінген облыстық жол полициясы таратқан баспасөз парағында.

Дәл сол күні Шүршітсу-Зайсан бағытындағы тас жолда тағы бір ВАЗ-21014 жеңіл көлігінің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырамын деп көлігін аударып алды. 21 жастағы жүргізуші бас жарақаты және жамбас сынығымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив