KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Омбы-Майқапшағай тас жолында шетелдік көлік пен КамАЗ жүк көлігі соғылды

6.06.2013, 18:00 250


Омбы-Майқапшағай тас жолында шетелдік көлік пен КамАЗ жүк көлігі соғылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасының мәліметтері бойынша, Омбы-Майқапшағай тас жолының 649 шақырымында жол-көлік апаты орын алды.

Ауди-100 жеңіл көлігінің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырғандықтан рөлге ие бола алмай қалған. Соның кесірінен КамАЗ-5320 көлігіне жанай соғылды.

Жол апатының салдарынан жүргізуші мен шетелдік көліктің салонында отырған 12 жастағы жолаушы жарақат алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив