KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

25.08.2013, 18:00 210


«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Семей қалалық филиалында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семейде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өттіАталмыш акция аясында партияның қоғамдық қабылдау бөлімінде, Семей қаласы әкімінің әлеуметтік сұрақтары бойынша орынбасары Исабаева Зәуреш Рамазанқызы азаматтарды жұмыспен қамту сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында тұтастай даму кешенінің бірінші бағыты ретінде қазақстандықтарды жұмыспен қамту мәселесі қойылды. Бұл – тиімді оқыту жүйесін құру және жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, ауылда кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, еліміздің белсенді экономикалық орталықтарында жұмысқа орналасу басымдылығын арттыру болып табылады. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында ұйымдастырылған шара аясында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының мамандары келушілерге мамандар тарапынан сұранысқа ие мамандықтарға оқуға бағыттау, қоғамға қажет мамандарды қайта даярлау мен оқыту, жастар тәжирибесі бойынша жұмысқа орналасу, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар жөнінде жан-жақты кеңестер беріп, мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін әлеуметтік келісімшартқа отыру жайларын түсіндірді.

Семейде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өттіІс-шараны өткізудегі басты мақсат азаматтардың азаматтық санасын және жауапкершілігін көтеру үшін тұрғындар арасында консультативтік жұмыс жүргізу және кең көлемді көмек көрсету, сонымен қатар, азаматтармен қандай да бір нысандағы кері байланыс орнату.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асырудың шарттары мен тетіктері туралы азаматтарға кеңінен ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылған қабылдауға жалпы саны 20 адам жазылып, толық ақпарат алды.

Семей қаласындағы «Нұр Отан» ХДП
қоғамдық қабылдау бөлімі

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив