KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

«Нұр Отан» ХДП-ның Семей қалалық филиалында бірыңғай қабылдау күні өтеді

22.05.2013, 18:00 136


2013 жылғы 24 мамыр күні сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін «Нұр Отан» ХДП-ның Семей қалалық филиалында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болу мәселелері жөніндегі азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш акция аясында партияның қоғамдық қабылдау бөлімінде, Семей қаласы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Нұрбол Жолдасбекұлы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

Аталмыш шара «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асырудың шарттары мен тетіктері туралы шағын және орта бизнес өкілдеріне кеңінен ақпарат тарату мақсатында ұйымдастырылмақшы. Акция партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің барлығында өтеді.

Осы күні «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөлмелеріне кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі бөлімдердің қаладағы жетекшілері, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының және екінші деңгейлі банктердің басшылары келеді.

«Нұр Отан» партиясы республиканың барлық кәсіпкерлік секторының өкілдеріне, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына қатысу арқылы бизнестерін одан әрі дамытуға тиісті жауаптар мен кеңестер алу үшін мемлекеттік органдар мен даму институттары, екінші деңгейлі банктермен тікелей хабарласу мүмкіндігін пайдалануға шақырады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив