KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Жол апатында балалар мерт болды

24.08.2013, 18:00 106


Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды, оның екеуі балалар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш адамның өмірін қиып кеткен бақытсыз оқиға Қарағанды-Боғаз бағытының 706 шақырымында тіркелді.

Бапасөз парағында көрсетілгендей, Ауди-80 автокөлігінің 22-жастағы жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырудың кесірінен басқаруға ие бола алмай қалған.

Соның салдарынан аударылған көлік жанып кетті. Адам жаны түршігерлік апатта Мамаырсу ауылының үш тұрғыны мерт болды. Олардың екеуі 11 және 14 жастағы балалар, үшіншісі 22 жастағы жолаушы.

Бұдан басқа тағы бір 7 жастағы бала мен 23 жастағы жолаушы, жүргізушінің өзі ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив