KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
471.83 505.66 5.4

2 жол-көлік оқиғасында 1 адам қайтыс болып, 5 адам жарақаттанды

10.05.2013, 18:00 343


Кеше Шығыс Қазақстан облысында тіркелген 2 жол-көлік оқиғасында 1 адам қайтыс болып, 5 адам жарақаттанды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

"10-мамырда кешкісін Өскемен қаласында Ушанов алаңында екі көлік қақтығысып қалды. Тәуелсіздік даңғылымен келе жатқан Лексус автокөлігінің жүргізушісі минимокингті қағып кетті. Жол апатының салдарынан минимокингтің 16 жастағы жүргізушісі мен оның 17 жастағы жолаушысы жарақат алды», деп хабарлайды облыстық жол полициясының баспасөз қызметі.

Сол күні орын алған тағы бір жол апатында бір адам қайтыс болды.

Жол сақшыларының мәліметі бойынша, Семей-Курчатов бағытындағы тас жолда Форд көлігі Тойота Рунермен соғылған. Бақытсыз оқиғаның салдарынан Тойотаның 34 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Екі көліктің жүргізушісі мен Форд көлігінде отырған 46 жастағы жолаушы жарақаттармен ауруханаға түсті.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив