KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
471.83 505.66 5.4

Шығыс Қазақстанда мереке күндері жол-көлік апатынан 3 адам қайтыс болды, 7 адам жарақаттанды

25.03.2013, 18:00 173


Шығыс Қазақстан облысында мереке күндері, 21-25 наурыз аралығында 7 жол-көлік апаты орын алып, 3 адам қайтыс болды, 8 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне жүгініп.

21-наурыз күні Алматы – Өскемен тас жолының бойындағы Қапанбұлақ ауылының маңында Ауди-80 автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, ВАЗ-21061 көлігімен қақтығысып қалды. Бақытсыз оқиға салдарынан ВАЗ-21061 көлігінің 36 жастағы жүргізушісінің оң аяғы сынып, ауруханаға түсті, ал осы көлікте отырған 52 жастағы жолаушы ауруханаға жетпей жолда көз жұмды.

22-наурызда Винное-Тарханка жолында ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі мас кезінде Винное ауылының 53 жастағы тұрғынын басып кетті. Зардап шегуші көптеген жарақатпен ауруханаға түсті.

Осы күні Қаратоғай – Күршім тас жолының бойында болған жол апатынан тағы бір адамның өмірі қиылды. Москвич «Иж-Комби» автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай аударылып қалды. Көлікте отырған 45 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив