KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

КамАЗ-ға соғылып, жеңіл жарақаттармен құтылды

14.08.2013, 18:00 106


Күршім ауылында КамАЗ-5511 жүк көлігімен қақтығысып қалған жеңіл көліктегі адамдар жеңіл жарақаттармен құтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Басқарманың баспасөз парағында көрсетілгендей, Күршім ауылында Ибежанов-Шәкерім көшелерінің қиылысында екі көлік соғылып қалған. Жол-көлік апаты ВАЗ-21074 көлігінің жүргізушісі қосымша жолдан басты жолға шықпақ болғанда жүк көлігіне жол бермеуінен орын алды. Соның кесірінен жеңіл көліктің 62 жастағы жүргізушісі мен оның әйелі қабырғалары сынып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Осы күні Семей-Өскемен тас жолында болған жол-көлік оқиғасында тағы бір зейнеткер зардап шекті. Тас жолдың 44-шақырымында Лада -21144 көлігі Тойота автокөлігіне барып соғылған. Жол апатында 76 жастағы қария жарақаттанды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив