KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Келесі жылы Қазақстанда тарих саласына бөлінетін білім грантының саны артады

13.08.2013, 18:00 75


Келесі жылы Қазақстанда тарих саласына бөлінетін білім грантының саны артады. Биыл тарихшылар бөлінген гранттың аз болғанына қынжылыс білдірді. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде
сөз болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі 24 KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Келесі жылы мемлекет осы салаға грант санын көбейтпек. Ал магистратураға бөлінетін білім грантының саны 3 есеге артқан. Сондай-ақ, тарих ғылымын басқа факультеттерден бөліп, жеке оқыту мәселесі де шешімін таппақ. Ол үшін Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында тарих факультеті қайта жанданатын болады.

- Ең бастысы тарихымыздың тұжырымдамасын белгілеп алуымыз қажет. Одан кейін жан-жақты, терең зерттеуіміз керек. Ашаршылық, желтоқсан оқиғасы сынды мәселелерді жан-жақты қарастырып, жаңаша көзқараспен жазуға тиіспіз.

Ал ұлттық тарихты зерделеу ісі қазір жан-жақты жүргізіліп жатыр. Мәселен, 10 кітаптан тұратын «Отан тарихы» 20-томдық басылымының тұжырымдамасы дайындалды. Дегенмен мамандар сақ, ғұн, қыпшақ және қазақ хандығы туралы бізге жеткен мәліметтер соңына дейін зерттелмегенін айтады. Бұл ретте әлемнің 20 еліндегі мұрағатқа жіберілген мамандардың жинақтаған мәліметі сараланатын болады. Осылайша ұлттық тарих біршама жүйеленбек, дейді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив