KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2,3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Биыл Өскеменде «Айтас МП» ЖШС-нің шұжық зауыты іске қосылады

11.08.2013, 18:00 118


ШҚ облысы орталығында жыл соңына дейін «Айтас МП» ЖШС-нің шұжық зауыты іске қосылмақ. Бұл жоба өңірдің Индустрияландыру картасына еніп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тауық етінен жасалған шұжықтың ондаған түрін шығарғалы отырған кәсіпорын өнімдері негізінен немістің озық технологияларымен өндірілмек. Өскемен қаласының ЖМК ықшамауданында салынып жатқан зауытта үш жүзге тарта жұмыс орны ашылады.

Кәсіпорын жаңа технологиямен бірге жұмысшылардың еңбек етуіне жағдай туғызуға да баса мән беріп отыр. Бұл күнде заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып жатқан өндіріс орнында тұрмыстық бөлмелер, асхана, медпункт, әлеумет-тік қызмет көрсету нысандарының құрылысы да қарқынды жүргізілуде.

Соңғы уақытта еліміздің нарығында алыс-жақын шетелдерден келіп жатқан ет және ет өнімдері бұрынғыдан бетер көбейіп отыр. «Айтас МП» шұжықтары соларды ығыстырып, өзіміздің дастарқанымызға қойылып қана қоймай, көршілес елдерге де шығарылмақ.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив