KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 2 м/с, Ю
450.79 482.21 5.05

Үржардағы «Швабские колбаски» атауы қайдан шыққан?

17.11.2017, 03:11 139

Германияның оңтүстік-батысында Швабия деген өлке бар. Әлгі өңірдің бұрыннан-ақ бүкіл Еуропаға өзінің тіл үйірер шұжықтарымен аты шыққан көрінеді. Оны пісірудің амал-тәсілі де бөлек. Сол бірегей өнімді бүгінде еліміздің Шығысындағы ет комбинаты талаптарға сай шығарып келеді.


Үржар ауданында «Швабские колбаски» атты шұжық шығаратын комбинат бар. Өнімдері облыстың өңірлеріне, атап айтсақ Өскемен, Семей қалаларына, көршілес Аягөз ауданына, арысы Алматы қаласына өткізіледі. Жалпы, бұл зауыт сонау 1975 жылы аты әйгілі Семей ет комбинатының филиалы ретінде салынған екен. Бірақ, ол кезде мұнда ешқандай өнім шығарылмайтын, филиалда тек мал сойылып, еті тоңазытылған күйде Семейдегі зауытқа жіберілетін.


Кәсіпорын жұмысымен танысуды сою цехынан бастадық. Атап өтерлігі, бұл жерде бірден тазалық пен тәртіп көзге ұрып тұрды. Ешқандай жағымсыз иіс жоқ екен. Бұл жерде ірі қара мал сойылады. Ары қарай ет сүйектен сылап алынады. Бұл жерде өз ісінің кәнігі шеберлері жұмыс істейді. Шапшаң жылдамдықпен әп-сәтте сиыр тушасын бұзып, етті сүйектен сылып алады. Алынған ет сол жердегі үлкен ет тартқышта тартылады. Тартылған етке тұз бен түрлі дәмдеуіштер салынады. Осы ретте атап өтерлігі, кәсіпорын осы дәмдеуіштерді берісі Ресей мен Беларусьтан, арысы Еуропа елдерінен сатып алады екен.


– Айталық, тартылған етті араластырғыш Белоруссияда, путер мен шприц Германияда жасалған. Ақыр аяғы шұжықтың сыртқы орамасы, жібі, тіпті екі ұшын қысатын сымға шекті шетелден тасылады. Фиброз, полеамиттік қабыршақтар Ресейден әкелінеді. Ыстауға қажет ағаш үгітінділері Германиядан тасылады. Шұжық өнімінің қымбат болатын себебінің бірі осында екен. Шеттен әкелінетін өнімдер үнемі қымбаттап отырады, – дейді кәсіпорынның бас технологы Айгүл Шоқанаева.


Осы жерде етінен арылған сүйектер әрі қарай дүкендерге сатылады. Ал тартылған ет 12 сағат тұзы мен дәмдеуіштері әбден сіңгенше тұрады. Мұнда шұжықтың екі түрі жасалады, бірі – ысталған шұжық, екіншісі – пісірілген шұжық. Олар арнайы пештерде ысталып, пісіріледі. Олар да шетелден әкелінген пештер. Аустриялық «Шаллер» фиомасының пешінде шұжық 2 жарым сағат пісіріледі.


«Швабские колбаски» кәсіпорны жылына 280 тонна ет өнімін шығарады, бұл жерден шұжықтың 76 түрі (38-і ысталған, 38-і пісірілген) өндіріледі. Комбинат шұжықтары сапасы жағынан ешкімге дес бермейді, оған нақты дәлел – бірнеше мәрте «Қазақстанның үздік таукры» атағына ие болған.

Кәсіпорынның іргесі 1995 жылы қаланған екен. Оны осы өңірдің іскер азаматы Сайлаубек Нұрсиленов алып, жөнге қойған. Алғашқыда Германиядан құрал-жабдықтар алынып, оларды немістің технологтары келіп орнатқан, біздің мамандарға жұмыс тәртібін үйреткен. Қазіргі кезде кәсіпорын тауық етінен де шұжықтар жасап жүр. Оның еті Өскемен құс фабрикасынан сатылып алынады. Халықтың сұранысына сай, кәсіпорын дорңыз еті мен майы қосылмаған, яғни халал шұжықтың 15-16 түрін шығарады. Атап өтерлігі, мұсылман шұжығын дайындамас бұрын барлық құрал-жабдықтар жуылады және осындай өнім шығаруға арнайы бір күн белгіленеді.


Кәсіпорында 40 шақты адам еңбек етеді. Жалақылары 50-100 мың теңге аралығында. Жұмыстардың дені автоматтандырылған.


Кәсіпорын «Даму» қорынан 6 пайыздық мөлшерлемемен несие алып, жаңа жабдықтар алып отыр. Шикізатты, яғни малды өңір тұрғындары өткізеді. Комбинат Үржар ауданының орталығынан 8 шақырым жерде орналасқан Жанай ауылында орын тепкен. Кәсіпорын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Үржардағы оңалту орталығына көмек көрсетеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив