KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейде дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат тобы әскерилермен кездесті

11.08.2013, 18:00 232


Семейде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 36803 әскери бөлімінде «Қазақстан Республикасындағы экстремистік-діни ұйымдардың қызметі және оларға қарсы тұру іс-шаралары» тақырыбында кездесу өтті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Іс-шара «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, әскери полиция және қалалық ішкі саясат бөлімінің өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Семейде дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат тобы әскерилермен кездесті

Кездесу барысында сөз алған Семей қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев тыңдаушыларға түрлі діни ағымдардың ұстанған бағыттары мен көздеген мақсаттары туралы баяндай келе, қаладағы діни ахуалға тоқталып өтсе, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары майор Думан Ысқақов әскери қызметшілерді өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, армия арасына діни экстремистік идеяның таралуына жол бермеуге шақырды.

Жиын сұрақ-жауап түрінде өткен пікір алмасумен аяқталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив