KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
441.79 478.77 4.9

Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған шенеунікке айып тағылып отыр

2.07.2013, 18:00 70


Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығына қатысты қылмыстық іс қозғады. Шенеунікке ҚР Қылмыстық кодексі 307-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қаржы полициясы мамандарының айтуынша, ол 2012 жылдың қыркүйек айында қызмет өкілеттігін теріс пайдалана отырып, Аягөз ауданының Ақшатау, Ақшәулі, Баршатас, Ай ауылдарының көшелерінің жарықтандыру жұмыстарының толық атқарылмағанын біле тұра, «Ген» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп шотына 4,3 миллион теңгенің қаржатын аударып жіберген.

Нәтижесінде мемлекетке аталған сомаға шығын келтірілген.

Осы фактіге байланысты қозғалған қылмыстық іс қазір өнідірісте.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив