KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Облыста өткен жылы 184 ауыр және аса ауыр қылмыстың беті ашылды

5.02.2013, 18:00 260


Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде 2012 жылы 776 қылмыстың беті ашылды, оның 184-і ауыр және аса ауыр қылмыстар. 676 қылмыстық іс аяқталды. 68.4 млн. теңгенің шығыны өндіріліп алынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде 2012 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде 2012 жылы 776 қылмыстың беті ашылды, оның 184-і ауыр және аса ауыр қылмыстар. 676 қылмыстық іс аяқталды. 68.4 млн. теңгенің шығыны өндіріліп алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыты бойынша 151 қылмыс ашылса, оның 26-ын парақорлық фактілері, 23-уін сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, 52-ін қызметтік жалғандық жасау, 38 - қызмет өкілеттігін теріс пайдалану фактісі құрап отыр.

Қаржы экономикалық саласында 443 қылмыс ашылды, оның ішінде жалған кәсіпкерлік бойынша - 20, заңсыз банкроттық бойынша - 9, салық төлеуден жалтару бойынша - 52, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша – 18.
Төрағаның орынбасары жеке құрамның назарына Агенттік төрағасы Р.Түсіпбековтің қаржы полициясы органдарының алдына қойған міндеттерін, мемлекет басшысының құқыққорғау органдарының басшыларымен өткізген кеңесте берген тапсырмаларын жеткізді.

Жиынды қорытындылай келе, Агенттік төрағасының орынбасары М.Ахметжанов Департаменттің жедел-тергеу құрамынан қылмыстық істі тергеу барысында созбалаңға салушылыққа жол бермеуді, азаматтардың конституциялық құқықтарын қатаң сақтауды талап етті. Сонымен қатар қаржы полициясы органдарының қызметін бағалаудың соңғы көрсеткіші азаматтардың сенімі екенін атап өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив