KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Шығыс Қазақстанда жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды

2.07.2013, 18:00 82


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) ағымдағы жыл басынан бастап жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша 20 қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ағымдағы жылғы маусым айында департамент қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 293 миллион теңгенің жалған есеп шоттарын 5 миллион теңгеге сату үстінде Өскемен қаласының тұрғыны Е. деген азаматты қолға түсірді.

Жүргізілген тексерулер барысында азамат Е.-нің 2012 - 2013 жылдар аралығында салықты төлеуден жалтару мақсатында және жеке, заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысатын бірқатар жалған кәсіпорындар («Арсали», «ASYL» ЖШС) құрғаны анықталды. Осының нәтижесінде мемлекетке 621 миллион теңге шығын келген.

Сонымен қатар азамат Е. кәсіпкерлік қызметпен айналыса жүріп, мемлекеттік бюджетке 476 миллион теңге көлемінде аса ірі салық төлеуден жалтарған.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріс тәртібінде ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі, 222 бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа жолданды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив