KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Ертіс өзеніне әлемдік деңгейдегі алапат экологиялық қауіп төніп тұр

1.07.2013, 18:00 132


«Жедел шаралар қабылданбаса Ертіс өзеніне әлемдік деңгейдегі алапат экологиялық қауіп төніп тұр». Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Ғарифолла Есім осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Менің сауалым Ертіс өзеніне төніп тұрған экологиялық қауіпке байланысты. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңында Семей қаласының шетінде орна-ласқан әскери аэродромның жанармай қоймасынан жер астына сіңген авиакеросиннен қордаланған керосин көлі алты мың тоннаға жетіп, Ертіс өзеніне жақындап келе жатқаны баспасөзде жазылған еді. 2002 жылы алматылық «Казгидек» фирмасы аталған проблеманы зерттеуді қолға алса, бір жылдан кейін астаналық мамандар аталған қауіпті залалсыздандыруға кірісіп, Үкімет тарапынан 36 миллион қаржы жұмсалған болатын. Алайда бұл арқылы жер бетіне 100 тоннадай ғана жанармайды шығару мүмкіндігіне қол жеткізілген. 5900 тонна жанармай қалдығы жер астында қалып отыр. Қазір Ертіс өзеніне үлкен экологиялық қауіп төніп тұр", – дейді сенатор.

Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив