KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
476.27 515.47 5.41

Академик Ғарифолла Есім Шәкәрім атындағы Семей университетінде дәріс оқыды

12.04.2013, 18:00 118


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім «Абай арманы» зиялылар клубының кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторының мәліметіне сүйеніп.

Академик Ғарифолла Есім Шәкәрім атындағы Семей университетінде дәріс оқыдыБасқосуға қаланың зиялылары, еңбек ардагерлері, ғалым, профессорлар, оқытушылар, магистранттар мен студенттер жиналды.Көрнекті философ-ғалым, жазушы, академик Ғарифолла Есім «Шәкәрім және бүгінгі заман» тақырыбында дәріс оқыды. Ғалым өз сөзінде қазіргі заман мен Шәкәрімнің заманын салыстырып, Шәкәрімнің сол кездегі жазғаны - қазіргі ұрпаққа рухани байлық, тәлім - тәрбие, азық екенін айтты. «Шәкәрім өшпейді. Шәкәрім әр ұрпақтың замандасы», - дей отыра ұлы философтың артынан қалдырған сөздерін оқып, анықтама беріп, қазіргі заманмен салыстырды.

Академик Ғарифолла Есім Шәкәрім атындағы Семей университетінде дәріс оқыды«Шәкәрім бабамыздың айтуынша заманға сай болу - қазіргі Қазақстанның инновация жолындағы бастапқы міндеті. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін заманға сай адам болу керек. «Ақылды жанның мүлкі - әлемі», - дейді Шәкәрім. Ақылды жан ол кім? Ақылды жан ойын жүзеге асыра алатын, іс- әрекетінің нәтижесін көретін адам. Егер ақылмен жұмыс істесең, бүкіл әлем сенікі», - деп ғалым 1930 жылдарда Шәкәрімнің жазып кеткендерін қазіргі заманмен ұштастырды.

Академик Шәкәрім шығармаларына сүйене отырып, бүгінгі жастарға тәрбиелік ұлағаты мол дана пікірлері мен ойларын ортаға салды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив