KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда тағы бір көлік түрі шығарылады

27.06.2013, 18:00 53


Келер жылдың көктемінен бастап Қостанайдағы «Агромашхолдинг» зауытында Toyota Fortuner көлігі құрастырылып шығарыла бастайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазіргі күні AllurAut компаниясы ұсақ торапты құрастырудың жаңа желісін орнатуға көшкен. Бұл жұмыстарды атқаруға Оңтүстік Корея мен Жапониядан келген мамандар көмектесуде.

Сонымен қатар аталмыш зауытта биылғы желтоқсаннан бастап SsangYong Nomad көлігін құрастыру көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде қазақстандық өнімнің үлесін арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.
Зауытта дәнекерлеу, бояу және құрастыру цехтары жұмыс істейді.

Цехтардың барлығы кәріс пен жапонның заманауи құрал-аспаптарымен жабдықталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив