2018 жылы Өскеменде тазартылған уран өндіретін зауыттың құрылысы басталады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі «Cameco Corporation» компаниясының баспасөз қызметіне сүйеніп.
Бұл туралы Cameco президенті Ғалымжан Пірматов мәлім етті. Қазір «Қазатомпром» атом ұлттық компаниясымен бірге «Cameco Corporation» компаниясы аталмыш зауытты салу жобасы бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері мен басқа да құжаттар 2018 жылы дайын болады. Ғ.Пірматовтың айтуынша, зауытты салу арқылы қосымша құны әлдеқайда жоғары тауар шығаруға жол ашылмақ.
Сонымен қоса ел экономикасына инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.