KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Аягөз ауданына жаңа әкім тағайындалды

27.06.2013, 18:00 177


2013 жылдың 27 маусымында Аягөз ауданы әкімі болып Нұрғалиев Нұрбол Жолдаспекұлы тағайындалды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

1975 жылы туған. Қазақ. Үйленген, екі баласы бар.

Жоғары білімді. М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін бастауыш сыныптарда сабақ беру мамандығы бойынша бітірген; Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы және несие», мамандығы бойынша бітірген, экономист-қаржыгер; Қазақ гуманитарлық-заңгерлік инновациялық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген, заңгер.

Еңбек жолын 1994 жылы Жарма ауданында орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған.

«Семей полиграфия» ААҚ маркетинг бойынша менеджер, коммерциялық директоры, Жарма ауданындағы «Алтын Дән» шаруа қожалығының басшысы, Семей қаласы өнеркәсіп, көлік және байланыс Комитетінің маманы, Семей қаласындағы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде түрлі лауазымдарда, ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бас маман, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасында бастық орынбасары, Семей қаласы әкімінің орынбасары болған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив