KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Шығыс Қазақстанда алғашқы инсульт орталығы ашылды

26.06.2013, 18:00 167


Өскемен қаласында облыстағы алғашқы инсульт орталығы ашылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Сергей Поповтың айтуынша, республика көлемінде осындай орталықтарды ашу «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған.

Шығыс Қазақстанда осындай төрт орталық іске қосылмақ, олардың екеуі - Өскеменде, екеуі - Семейде ашылады деп жоспарланған.

Алғашқы инсульт орталығы Өскемендегі №1 қалалық ауруханасының базасында маусым айынан бастап жұмыс істейді.

Арнайы орталықтардың ашылуы диагностика қою мен емдеудің жаңа түрлерін табуға мүмкіндік береді.
Қазір орталық жаңа қондырғылармен жабдықталып жатыр. Онда жаңа компьютерлік томография мен арнаулы матрастар болады. Республикалық бюджеттен барлығы 80 млн. теңге бөлініп отыр. Бірінші қалалық аурухананың бас дәрігері Юрий Старокожаев атап өткендей, орталық 30 орынға арналған, стационарда орталықтың қалыпты жұмыс істеуіне барлық жағдайлар жасалыпты.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив