KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Көпқабатты үйлер жылу қазандығына қосылады

25.06.2013, 18:00 188


Абай ауданындағы Қарауыл ауылында бірнеше үй терможаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткізілуде. Мердігердің айтуынша, үйлер жылу қазандығына қосылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Терможаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан Абай көшесіндегі №72 үйде 27 пәтер орналасқан.
Құрылысты жүргізіп жатқан – бас мердігер – «Ертіс» ӘКК «Облдоркомхоз». Ал қосалқы мердігер – Семей қаласындағы «Сәуле» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мекеменің бас директоры – қазірде Семейде тұратын абайлық Төлеуғазы Иманғалиев. Осы үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін 11 млн. 65 мың 560 теңге қаражат бөлінген. Ғимарат орталықтандырылған жылу қазандығына қосылады.

Сол сияқты бұдан өзге Мамай көшесіндегі №65, №67 үйлер де терможаңғырту бағдарламасы арқылы күрделі жөндеуден өткізіл-мек. Оның бірі 27, бірі 12 пәтерлі үш қабатты үй. Емхананың жанындағы ескі жылу қазандығы толықтай жөн-деліп, жылу қазандығына қосылды. Сондай-ақ, таза су құбыры, кәріз жөнделіп, үйдің төбесі шатырланбақ.

Дәулет Сейсенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив