KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3,9 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Өскеменде балалар мүгедектігі мәселесі бойынша әзірленген комикс-репортаждардың көшпелі көрмесі өтеді

24.06.2013, 18:00 101


Өскемен қаласындағы Металлургтардың мәдениет сарайында (Тәуелсіздік даңғылы 68) 26-маусымда «Mesqueunblog.kz» («Жай ғана блог емес») http://www.mesqueunblog.kz әлеуметтік жобасының нәтижелері бойынша көркемөнер көрмесі ашылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жобада балалар ми сал ауруының ауыр түріне шалдыққан 18 жастағы Бақытжан Жұмановтың жарты жыл бойғы күнделікті өмірі комикс формасындағы репортаж ретінде берілген.

Жоба Қазақстандағы мүгедектік мәселесі туралы ақпарат беруге, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы оларға деген қоғамның қарым-қатынасына көп ретте тәуелді екенін аудиторияға түсіндіруге бағытталған.

Көрмеге «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының жоба менеджері Дінмұхамед Зиядин, "Өрлеу " ҚМҚК директоры Жасұлан Егембердинов – , Металлургтардың мәдениет сарайы «Изумрудный город» ҚҚ директоры Татьяна Карпович, франциялық комикстер және иллюстрациялар, репортаждар авторы Николя Журну қатысып, өз пікірлерімен бөліседі.

Көрме 26-27 маусымда өтеді.

Жобаны Сорос-Қазақстан қорының және Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының қолдауымен «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы жүзеге асыруда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив