KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Мектеп оқушыларының аудандық ішкі істер бөліміне саяхаты

12.06.2013, 18:00 135


Ұлан аудандық ішкі істер бөліміне мектеп оқушылары саяхатқа келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Асубұлақ және Пушкин орта мектептерінің оқушыларын қарсы алған аудандық ішкі істер бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, полиция подполковнигі Е. Т. Черубаев серуенді уақытша ұстау изоляторын аралаудан бастады.

Мектеп оқушыларының  аудандық ішкі істер бөліміне саяхатыЖасөспірімдер әр түрлі заңға қайшы іс-әрекеттер жасаған қылмыскерлерді қамайтын камераларды өз көздерімен көрді. Подполковник Е. Т. Черубаев қылмыскерлердің қашан және қандай жағдайда изоляторға түсетінін түсіндірді.

Одан кейін оқушылар ішкі істер бөлімінің мұражайымен танысты. Онда ішкі істер бөлімінің ардагерлерінің фотосуреттері, әр түрлі жарыстарға қатысқан мақтау қағаздары, әр жылдың төсбелгілері қойылған.

Кездесу соңында подполковник Е. Т. Черубаев оқушыларға құқық бұзушылық жасамауға, өздерінің бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға тілектестік білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив