KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Облыстық патриоттар форумы Семейде өтеді

2.06.2013, 18:00 146


Семейде мемлекеттік рәміздер мерекесіне орай облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Шығыстың тағдыры – менің тағдырым!» атты облыстық патриоттар форумы өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мереке барысында сондай-ақ, облыстан шыққан белгілі тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылады. Биыл 100 жылдық мерейтойы болатын қазақстандық футболдың отаны Семей қаласы екені мәлім. Осыған орай, облыстық форум шеңберінде футбол алаңының тұсаукесері, жаңа алаңда жолдастық кездесулер, мерекелік концерт ұйымдастырылмақ.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Семей мен облыс орталығындағы мерекелік іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуі қажеттігін атап көрсетті. Сонымен бірге, Ту, Елтаңба және Әнұранды қолдануда кемшілік жіберген барлық мекемелер мен кәсіпорындар мейрамға олқылықтарды түзеуі керектігін, оны әкімдер мен ведомство жетекшілері аудандар мен қалалар бойынша тағы бір пысықтап шығуы қажеттігін айтты.

Думан Анаш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив