KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 1 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен «Қазцинк» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды

30.05.2013, 18:00 171


Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен «Қазцинк» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

Аталған меморандум «Балалар үйлері түлектерінің өмірі мен еңбек жолын жоспарлау» қанатқақты жобасының аясында іске асырылып отыр. Жоба авторы – ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті.

Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев, «Қазцинк» ЖШС-нің вице-президенті Андрей Лазарев, мемлекеттік органдардың өкілдері, балалар үйлерінің директорлары мен тәрбиеленушілері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдан бері облыста өңірдегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қолдаудың 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары тиімді жүзеге асырылып келеді. Оның аясында балалардың есепшоттарына қаражат аударымен қатар кәсіптік бағдар беру бойынша жұмысты ұйымдастыру, мамандық таңдауға және жұмысқа орналасуға көмектесу қарастырылған.

Бүгінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мақсатында «Қазцинк» ЖШС әлеуметтік-патронаттық қолдау көрсету үшін балалар үйлерінің 48 баласын қамқорлыққа алған.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив