KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
450.79 482.21 5.05

Оқушыларға арналған кітап мерекесі

29.05.2013, 18:00 217


Үржар ауданы Тасбұлақ орта мектебінде «Менің сүйікті кітабым» атты апталық өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кітап мерекесінің негізгі мақсаты – оқушылардың ой-өрісін дамытып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятып, дүниетанымдарын кеңейту, сауатты сөйлеу мәнерін қалыптастыру болды.

Бастауыш сыныптар арасында өткізген сайыс сабағында оқушылар өздерінің қызықты кітаптар туралы жазған мақалалары мен салған суреттерін ортаға салды.

5– 10 сыныптар арасында өткізілген кітапханалық сабақ тартымды жалғасты.

«Компьютер мен кітаптың айтысы» сияқты қызықты сайыс барысында оқушылар рухани азық саналатын кітаптың маңызы мен оның тұлға ретінде қалыптасуға қосатын рөлін терең түсінді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив