KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
441.8 480.02 4.88

Жол-көлік апатынан бір күнде 2 адам қайтыс болды, 5 адам жарақаттанған

28.05.2013, 18:00 205


28-мамырда Шығыс Қазақстанда жол-көлік апаттарында 2 адам көз жұмып, 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемен қаласында түнгі 2 шамасында Тәуелсіздік даңғылымен келе жатқан Мазда-323 автокөлігінің жүргізушісі №72 үйдің маңында басқаруға ие бола алмай, терекке барып соғылған. Бақытсыз жағдайдың салдарынан бастарынан қатты жарақат алған және көптеген сынықтармен шетелдік көліктің 22 жастағы жүргізушісі мен қасындағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Төрт сағаттан кейін жүргізуші аурухана төсегінде қайтыс болды.

Дәл осы түні Үржар ауданындағы Мақаншы ауылында да осыған ұқсас қайғылы оқиға орын алды. Таңғы 5-тер шамасында БМВ автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, элекрт бағанасына соғылған. Жүргізуші алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив