KZ
Өскемен
+20°
небольшой дождь жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Курчатовта діни бірлестіктермен байланыс мәселесі қаралды

23.05.2013, 18:00 132


Курчатов ауданында облыстық дін істері департаментінің директоры Манарбек Мұхамеджановтың қатысуымен діни бірлестіктермен байланыс бойынша кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Отырыс кеңес төрағасының орынбасары Елена Старенкованың есебімен басталды, ол кеңеске қатысушыларды Курчатов қаласындағы діни ахуалмен таныстырды.

– Қазіргі таңда біздің қаламызда ресми түрде екі діни бірлестік тіркелген. Соңғы жылдары оларға келушілердің саны едәуір өскен, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар да көп, олардың ата-аналарының жазбаша рұқсат берген қолхаттары бар, – дейді Елена Старенкова.

Курчатов қаласында дін мәселелері бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Діни қызметкерлер тұрғындарды адамдар арасындағы рухани келісімге шақыруда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив