Дін мәселелері бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық тобы Күршім ауданындағы Күршім, Алғабас, Сарыөлең, Бурабай ауылдарында кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Топ құрамындағы облыстық дін істері департаментінің директоры М.Мұхаметжанов, облыстық орталық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы, ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Е.Жақыпов жиналғандарға дінге қатысты көптеген мағлұматтар беріп, сауалдарға тұщымды жауаптар қайтарды.
Сондай-ақ діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Онда аудандық ішкі саясат, білім бөлімдерінің қызметкерлері баяндама жасады.